Парламент • 22 Қараша, 2019

Сенаторлар ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық отырысына қатысты

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров, сенаторлар Сәрсенбай Еңсегенов, Динар Нөкетаева және Сергей Плотников Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық 50-ші жалпы отырысына қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сенаторлар ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық отырысына қатысты

Шараға қатысушылар «Мүлікті сенімгерлік басқару және траст туралы», «Міндетті құқық туралы», «Жарнама туралы», «Экологиялық залалды бағалау туралы», «Экологиялық туризм туралы», «Мемлекет, оның субъектілері және муниципалдық құрылымдар арасындағы мүлікті бөлу қағидалары туралы», «Әлеуметтік туризм туралы», «Трансшекаралық ақпарат алмасу кезінде электрондық түрде нотариаттық іс-әрекеттер жасау туралы» үлгі заңдарды қабылдады.

 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» үлгі заң жаңа мәтінде қабылданды.

ТМД ПАА терроризмге және экстремизмнің зорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл кезінде халықаралық гуманитарлық құқық қағидаттарын қолдану, ұлттық экологиялық қауіпсіздік орталықтарын ұйымдастыру және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер парламентшілерінің мәртебесі туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қабылдады.

Парламентшілер жұмыс барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 2020-2022 жылдарға арналған үлгі заң шығарудың келешек жоспарын бекітті.

1