Видео • 22 Қараша, 2019

«Егемен Қазақстан» газетінің 22 қарашадағы санына шолу (видео)

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газетінің 22 қарашадағы саны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тыраулап ұшқан тырналар» спектаклін тамашалағаны туралы ақпаратпен басталып, Мемлекет басшысының және Елбасының жаңа ғасырға қадам басқан ата басылымның ғасырлық тойымен құттықтаған хатымен жалғасты.

«Егемен Қазақстан» газетінің 22 қарашадағы санына шолу (видео)

Жүз жылдыққа арналған «Қазмедиа» орталығында өткен шарапатты шара туралы «Егеменнің» тойы – елдің тойы» атты мақаладан оқуға болады. Аталған жиынға қатысқандар ғасыр жасаған ғибратты басылымның өткенін саралады. Бүгінін бағалады. Болашағына ақжол тіледі.

 

Газеттің осы санынан маңызды мәжілістер де, келелі кездесулер де, саяси сараптамалар да орын алды.

 

Сонымен қатар қаламгер Қали Сәрсенбай «Ақаңның аманаты» деген мақаласында Ақселеу Сейдімбек жайлы есті естеліктерімен бөлісіп, «Қазаққа үш Ақаңды – Ахмет (Байтұрсынұлы), Ахмет (Жұбанов), Ақселеуді (Сейдімбекті) берген ХХ ғасырға мың тағзым! Бүгінгі ессіздеу, кесірлі қоғамның көзімен қарасақ, осылар болмағанда біз рухани мүсəпірліктің құрсауында қалғанымыз қалған екен» деп түйіндейді мақаласын.

 

Мәдени шаралар мен әлеуметтік маңызды мақалаларды «Алматы» бетінен оқи аласыздар.

 

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бөлек өңірлердегі өзекті жаңалықтарды білгіңіз келсе, газеттің 22 қарашадағы санын немесе egemen.kz сайтын оқыңыздар.