Оның аты мен артында қалған мұрасын қазақ халқының ән және аспаптық дәстүрін қадірлеуші қауым ізет тұтады, ол халқымыздың бай мұрасын және өзіндік ерекшелігін алғашқылардың бірі болып бағалай білді және барынша сақтауға күш-жігерін жұмсады. Музыкант-тарихшылар үшін оның еңбектері кеңес билігінің алғашқы онжылдықтарының қиындығы мол, дегенмен маңызы зор кезеңінің жалғыз жанды куәсі болып табылады. Ол өзінің әндер мен күйлерді өңдеулерімен композиторларға дала дәстүрі негізінде академиялық музыканың туындауына және дамуына жол көрсетті.
«Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен биыл Александр Затаевичтің 150 жылдық мерейтойына орай Ресейдегі ұлттық музыка мұражайының мұрағатында зерттеу жүргізілді. Бұл мұражайда мәтіндік және фотоқұжаттар қоры, сондай-ақ ұлы музыка зерттеушісінің нота жазбалары сақталған. Бұл – қазақ музыкасы үшін телегей табыс. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының да көздегені – руханиятымыздың осындай асыл қазыналарын түгендеу болатын, сол мақсат іске асып, міне, бүгін тамаша қолжазбалар көрермендерге жол тартты», деп атап өтті Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері жөніндегі департаменті директорының орынбасары Ғани Мұратов.
Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, аталған қолжазбаларды зерттеушілердің, құрастырушыларының бірі Валерия Ефимовна Недлинаның айтуынша мерейтойлық салтанатты іс-шаралар аясында Қазақстан мен Ресей мұрағаттарында қауырт жұмыстар жүргізілді. Оның аралық нәтижесі – халық музыкасының бұдан бұрын жарияланбаған ноталарының жинағы – бүгін жұртшылыққа көрсетілді. Бұл тек аз ғана бөлшегі. Бұл жұмыстар 1920-1930 жылдардағы мәдениеттегі ахуал туралы қаншалықты аз білетінімізді көрсетті. Бұл аса зор құндылық енді музыкатанушылар мен жалпы жұртшылыққа зор септігін тигізеді.
Мұрағаттық зерделеу мен зерттеушілер қорытындысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласымен үндес болып отыр. Кең ауқымды зерттеулер, заманауи тұрғыдан бағалау, ежелгі және өткендегі рухани байлықты сақтау және біздің мәдениетімізге қайта келтіру қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
Баспасөз конференциясына Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Жұмабекова Дана Жүнісбекқызы, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Елеманова Саида Абдрахимқызы қатысты.