Парламент • 25 Қараша, 2019

Бизнесті дамыту мәселелері талқыланды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцевпен кездесті.

Бизнесті дамыту мәселелері талқыланды

Кездесу барысында шағын және орта бизнес қызметін заңнамалық реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне үнемі назар аударып келеді. Кәсіпкерлік пен инвестициялар мәселе­лерін реттейтін қолданыстағы заңнама­лық база жетілдіруді қажет етеді деп санай­мын. Бүгін осы сала өкілдерін тыңдау, көтеріл­ген мәселелерді талқылау және шешім­дер ұсыну сіз бен біздің міндетіміз», – деді Дариға Назарбаева.

Дмитрий Казанцевтің айтуынша, бүгінгі таңда салықтық әкімшілендіру және жеке кәсіпкерлік қызметінің түрлерін реттеуде бірқатар өзекті мәселелер бар. Шағын және орта бизнесті жіктеуді қайта қарау қажет. Халықтың қаржылық сауат­тылығын жақсарту – бөлек мәселе. Д.Казанцев сондай-ақ сенаторларға еліміздің шалғай елді мекендерінде тегін заң кеңестерін көрсету үшін әкімшілік ресурстардың жетіс­пеушілігі туралы хабардар етті.

Дариға Назарбаева өз кезегінде Дмитрий Казанцевтің бастамаларына қолдау біл­діріп, талқыланған мәселелерді шешу үлгі­лерін әзірлеу үшін Сенат депутаттары мен кәсіпкерлердің бірлескен жұмысын ұйым­дастыруды ұсынды, деп хабарлады Пар­ламент Сенатының баспасөз қызметі.