Видео • 25 Қараша, 2019

«Егемен Қазақстан» газетінің 25 қарашадағы санына шолу (видео)

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газетінің 25 қарашадағы саны Мемлекет басшысының бірқатар кездесуімен басталып, Тараз қаласында болған оқиғаға байланысты білдірген Twitter-дегі жазбасымен жалғасты.

«Егемен Қазақстан» газетінің 25 қарашадағы санына шолу (видео)

Келелі келіссөздер, маңызды мәжілістер, айтулы ақпараттарды саясат бетінен оқи аласыздар.

«Демократияның басты шарты – жауапкершілік» дейді Бельгияның бұрынғы премьер-министрі. Газет тілшілері Меруерт Бүркітбай мен Светлана Ғалымжанқызы дайындаған сұхбатта спикер бұған дейін Қазақстанға бес рет келгенін айтып, жыл сайын еліміздің даму қарқыны өскенін жеткізді.

«Жаңа Алматы» жобасы жайында, Алматының туристік əлеуеті туралы мақалаларды «Алматы» бетінен оқып, таныса аласыздар.

 

Экономикадағы ең өткір де өзекті, қызықты һәм қажетті ақпараттар да, қоғам ішіндегі, денсаулық саласындағы түрлі түйткілді мәселелер де, спорттағы жетістіктер мен жетіспеушіліктер де газеттің бүгінгі санынан орын алды.

Соңғы беттегі бауырластық, туыстық туралы материалдар да өз алдына өзекті.

Осы және өзге де жаңалықтар мен сараптамаларды «Егемен Қазақстан» газетінің 25 қараша күнгі санынан немесе egemen.kz сайтынан оқи аласыздар.