Қазақстан • 25 Қараша, 2019

Алматыда Тұңғыш Президент күнін тойлау басталып кетті

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекеттік Республикалық академиялық корей театрында Тұңғыш Президент күніне орай көрме ұйымдастырылды.

Алматыда Тұңғыш Президент күнін тойлау басталып кетті

Шараға Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге қызмет еткен әріптестері, Ақсақалдар кеңесі мүшелері қатысты. Олар Елбасымен бірге қызметтес болған жылдарын еске алып, көптеген естелік айтты. Тұңғыш Президент туралы деректі фильм де көрсетілді.

«Іс-шара бағдарламасында көрме бар, ол көрмеде біз Президенттің қолынан алған марапаттарымызды көрсетеміз. Елбасының өзінің кітаптары ұсынылды» дейді Мемлекеттік республикалық акдемиялық кәріс музыкалық комедия театры директорының орынбасары Болысбек Батталханов.