03 Шілде, 2013

Қазақстан-Австралия: Қарым-қатынастар мүмкіндігі жоғары

1907 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан-Австралия: Қарым-қатынастар мүмкіндігі жоғары

Сейсенбі, 3 шілде 2012 7:35

Тәуелсіздік дипломатиясына – 20 жыл

Маусым айының аяғында біздің еліміз бен Австралия арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 20 жыл толды. Екі ортаны сандаған мың шақырым жер бөліп жатқанымен, осы жылдар ішінде арадағы қарым-қатынас барлық салалар бойынша жақсы мазмұнда дамуда. Бұл, әрине, Мемлекет басшылары деңгейінде орнаған сындарлы саяси үнқатысудың нәтижесінде жүзеге асқаны аян.

 

Сейсенбі, 3 шілде 2012 7:35

Тәуелсіздік дипломатиясына – 20 жыл

Маусым айының аяғында біздің еліміз бен Австралия арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 20 жыл толды. Екі ортаны сандаған мың шақырым жер бөліп жатқанымен, осы жылдар ішінде арадағы қарым-қатынас барлық салалар бойынша жақсы мазмұнда дамуда. Бұл, әрине, Мемлекет басшылары деңгейінде орнаған сындарлы саяси үнқатысудың нәтижесінде жүзеге асқаны аян.

Қазақстан-Австралия байланыстары­ның негізі Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың 1996 жылғы Канберраға алғашқы ресми сапарында қаланды. Ал биылғы жылы Сеулде Ядролық қауіпсіздік жөнін­де­гі халықара­лық саммит барысында Австралия Пре­мьер-министрі Дж. Гиллардпен кездесуде екіжақты қарым-қатынстар­ды сапалық жаңа деңгейге көтеруге мән берілді.

Біздің елдеріміз халықаралық аренада көптеген мәселелер бойынша ұқсас ұста­ным­дар білдіруде. Мәселен, қазіргі заман­ғы ықтимал қатерлермен күресте, климат­тың өзгеруі, халықаралық терроризм, ядро­лық қаруды таратпау сынды қадау-қадау маңыз­ды мәселелерде екі ел ойлары үндес шы­ғуда. Сөзіміздің дәлелді болуы үшін 2010 жылы екі елдің бірлесе ұйым­дастыруымен Астанада Ядролық терроризмге қарсы жаһандық бастамалар жө­нін­дегі конференция өткізілуін айтсақ та жеткілікті.

Жалпы, Канберраның Қазақстан тарапынан көтерілген көптеген бастамаларға қолдау көрсетіп жүргенін айта кеткен жөн. Мысалы, 2010 жылы еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығының қорытындысында Астанада өткен саммитке сол кездегі Австралия Сыртқы істер министрі Кевин Радд қатысты. Сонымен бірге, әріптес ретінде Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің Астанада болған 38-ші кеңесіне қонақ болып қатысты. Кевин Радд Астана Саммитінен кейін өзінің ғаламтордағы жеке бетінде: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен ЕҚЫҰ-ны тірілтті, бойына қан жүгіртті. Бұған дейін Ұйым шар­шаған және өлімсіреген жағдайда болса, енді оған жан кірді… Назарбаевтың дін­ара­лық үнқатысу жайындағы идеясы қауіп­сіздік жолында тек ЕҚЫҰ кеңіс­ті­гін­де ғана емес, бүкіл Азияда дамуы қажет», деп баға бергенін де айту ләзім.

Байланыстардың даму бағыттары турасын сөз еткенде парламентаралық делегациялар алмасудың да серпінді жүргізі­ліп келе жатқанына тоқталуға тиіспіз. Австралия Парламенті Өкілдер палата­сы­ның спикері П.Слиппердің бастауымен парламентарийлердің Қазақстанға келуі парламентаралық әріптестік ықпалдас­тық­қа соны серпін берді.

Жер шалғайлығына қарамастан, екі ор­таға бизнес те өзінше жол салуда. 2011 жылы еліміздің экономикасына бағыт­тал­ған австралиялық инвестиция көлемі 69 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Әріп­тес­тік қимылдың енді бір парасы тау-кен өндіру саласын қамтуда. Өткен жылы Қа­рағанды облысының әкімдігі және авс­тра­л­иялық «Дарт Энерджи» (Dart Energy) компаниясы арасында меморандумға қол қойылып, табиғи газды өндіру жайында және қазіргі күні тау-кен жыныстарынан метан газын өндіру мен оны баламалы энергия көзі ретінде пайдалану бойынша жобалар қолға алынуда. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін австралиялық компания 100 млн. доллар жұмсауды көздеп, соның нәтижесінде метан өндіруді 3,5 млрд. текше метр мөлшеріне жеткізетін жаңа отын-энергетикалық нысанды іске қосуды жоспарлап отыр. Ал онда өндіріл­ген өнімнің арқасында Астана мен Қа­ра­ғанды қалаларын 80-90 жыл мерзімге энер­гиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Сонымен бірге, Қостанай облысын­дағы мыс кен орнын барлау бойынша «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық компаниясы мен әлемде тау-кен өндірісі бойынша екінші орындағы «Рио Тинто» (Rio Tinto) Австралия-Британия концерні арасында да меморандумға қол қойылды. Қазіргі күні бұл жұмыс өзінің қорытынды шегіне жетті. Тараптар барлау жүргізілетін аумақты анықтаумен бірге, алғашқы кезеңде бөлінетін инвестициялық қаржы көлемін де белгілеп қойды. Оның шамасы 100 млн. долларды құрайды.

Ауыл шаруашылығы саласында да қол жеткізген әріпте