Түлкібас ауданы орталығындағы «Тұңғыш Президент» саябағының алдынан демеушілер есебінен бой көтерген «Ана мен бала» монументі ашылды.

– Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек», деген болатын. Осы мақсатта бүгін ауданымыздың тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Жайлау Пірәлиев атамыздың балалары мен немерелері кіндік қаны тамған жеріне татулық пен бейбітшіліктің символы саналатын «Ана мен бала» монументін тұрғызып, жерлестеріне үлкен сый жасап отыр, – деді ескерткіштің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев. Ал монументтің авторы Қазақстан көркемсурет академиясының академигі Тілеуберді Бинашев осы уақытқа дейін қазақ даласының батырлары, қоғам қайраткерлері, әулиелері мен бабаларына ескерткіш жасап келгенін, олардың бәрі алтын құрсақты анадан туылғанын атап өтті. «Ана мен бала» монументінің авторы болғаныма қуанамын. Бұл ана бір әулеттің ғана емес, бүкіл қазақ даласының анасы», дейді Т.Бинашев. Монументтің орнатылуына демеушілік жасаған Пірәлиевтер әулеті тоғыз ағайынды. Бүгінде бәрі Алматы қаласында тұрады. «Ағайындар келісе отырып, ананың монументін салып, құрметімізді білдірейік деп шештік. Мұның қоғамдық – тәрбиелік мәні зор. Себебі әрбір адам ескерткішке қарап, ондағы «Ана – ұлы. Ана – қымбат. Ана – құдіретті жан!» – деген жазуды оқып ойланады. Ең бірінші бізге керегі – тәрбие, одан кейін – білім. Біз білімге кетіп тәрбиені ұмыт қалдырдық. Тәрбие бар жерде білім өзі келеді», дейді педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Пірәлиев. Аталмыш шара барысында сөз алған аудан ардагерлері «Ана мен бала» ескерткіші тәрбиенің, татулық пен бейбітшіліктің және туған жерге деген құрметтің көрінісі екенін айтып, Пірәлиевтер әулетіне алғысын білдірді.
Айта кетелік, ауданда демеушілер есебінен бой көтерген нысандар қатары соңғы жылдары арта түскен. Мысалы, өткен жылы Алғабас, Рысқұлов ауылдарында Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері, Батыр аналардың есімдері жазылған ескерткіштер ашылды. Ауданның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткіші бой көтерді. Түлкібас стансасында тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаев пен Тұрар Рысқұлов бейнеленген ескерткіш орнатылды.
Түркістан облысы
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар