Шын мәнінде, Сіз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы естідіңіз бе?» деген сұраққа жауап зерттеудің мақсаты болды – біздің азаматтарымыз бағдарлама туралы қаншалықты жақсы ақпараттандырылған, оның мазмұнын, бағыттарын, арнайы жобаларын біле ме? Әдейі қойылған осындай тар шеңберлі әрі қасаң тұжырымдалған сұрақ осы бағдарламаның халыққа қаншалықты жеткенін және хабардарлықтың жалпы деңгейін білуге мүмкіндік берді.
Жауаптар көрсеткендей, сұралғандардың 76,4%-ы жоғарыдағы сұраққа оң жауап берді. 21,8%-ы бағдарлама туралы естімегендерін айтқан.
Ал 1,2%-ы жауап беруге қиналған.
Жалпы, мұны жақсы көрсеткіш деуге әбден болады. Сарапшылардың сауалдамасы аясында алынған нәтижелер көпшіліктің бағдарламадан хабардар екенін байқатып отыр.
Сұраққа дұрыс жауап бермегендердің саны бойынша көшбасшы өңір – Қызылорда облысы – 97%. Оң жауаптардың 80%-дан астамы Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары жоғарыдағы көрсеткіштен сәл төмен. Оларда «Иә, білемін» деген жауаптар саны 74-тен 78%-ға дейінгі аралықта. Павлодар облысындағы, Алматы қаласындағы, Қарағанды облысындағы және Шымкент қаласындағы көрсеткіштер де жаман емес. (65-тен 66%-ға дейінгі аралықта).
Зерттеуге барлығы 2500-ден астам қазақстандық қатысты.
Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша сараптамалық баяндамамен https://cisc.kz сайтында, «Ресурстар» бөлімінде танысуға болады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелерін бағалау мақсатында ұлттық әлеуметтік зерттеу Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» жобасы аясында өткізілді.