Жаңа форматта өткен әлемдік додада 18 құрама үш-үштен алты топқа бөлініп, өзара кім мықтыны анықтады. Жарыстың ширек финалына әр топта бірінші орын алған құрама мен екінші орын иеленген екі ең үздік команда жолдама алды. Турнирдің бас жүлдесі үшін финалда Испания мен Канада теннисшілері сынға түсіп, жарыс қожайындары 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Испания құрамасы Дэвис кубогында алтыншы рет топ жарды. Пиреней түбегінің өкілдері соңғы рет 2011 жылы бас жүлдені иеленген болатын.