Руханият • 26 Қараша, 2019

Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» көрмесі өтеді

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең елордадағы Ұлттық архив Президент Архиві және Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесіп Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» атты көрме өткізеді.

Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» көрмесі өтеді

Көрмеде Ұлттық Архив және Президент Архивінің қорынан Ұлт көшбасшысының өмірбаяны мен шығармашылық жолы, Қазақстан Тәуелсіздігіне қол жеткізуі және дамуы жолындағы құжаттары мен жазған кітаптары және Президент туралы жазған авторлардың кітаптары ұсынылады.

Іс-шараның басты мақсаты – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы аясында қазақстандық құндылықтарды көрсету, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуында Президенттің рөлін көрсету және де жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрмеге Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, магистранттар мен студенттер қатысады деп күтілуде.