Қысқы спорт • 27 Қараша, 2019

Әлем кубогына мықтылар барады

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері қысқы спорт түрлері бо­йынша өтетін екі бірдей дүбірлі додада Қа­зақстанның ұлттық командасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.

Әлем кубогына мықтылар барады

29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагое қаласында шорт-трек­тен Әлем кубогының үшінші кезеңдік сайы­сының шымылдығы түріледі. Осы жа­рысқа Қазақстан құрамасының бас бап­кері Мәдіғали Қарсыбеков өзінің ең үздік шә­кірттерін апаруды құп көріп отыр. Олар – Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Ольга Тихонова және Алена Волковицкая.

Ал ертең Швецияның Эстерсунд шаһа­рында биатлоннан Әлем кубогының биыл­ғы мау­сымдағы кезеңдік жарысының тұ­сауы кесіледі. Скандинавия түбегінде Гали­на Вишневская, Елизавета Бельченко, Анастасия Кондратьева, Людмила Ахатова, Роман Еремин, Владислав Витенко, Антон Пантов және Максим Браун сынды спортшылар ел намысын қорғайды. Бұл бәсекелер 8 желтоқсанда өз мәресіне жетеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50