Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Алматы театры туристер үшін тартымды болуы тиіс

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы инвестициялық форумда қаланың театр өнерін дамыту туралы арнайы құжат дайындалып жатқанын айтты.

Алматы театры туристер үшін тартымды болуы тиіс

«Біз қалалықтардың театрға бару мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Біз бұл жетістікке әлемдік деңгейдегі өнер, опера жұлдыздарын тарту арқылы қол жеткізе аламыз. Алматылықтардың бай мәдени мұрасы Орталық Азияның өнер ордасы хабына айналуға мүмкіндік береді. Біз бұл арқылы Орталық Азия елдері театр өнерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік аламыз» деп атап өтті Б. Сағынтаев.  

Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев қаланың дамуына мүмкіндік беретін 8 басым креативті өнер индустриясының трендттері туралы айтып өтті.

Сағынтаевтың айтуынша, Алматыда таланттарды қолдап-қорғаудың платформасы ашылады.

«Бұл платформа бизнес, шоу өнерінің арасындағы байланысты қалыпқа келтіреді деп ойлаймын. Бұл мүмкіндікке цифрлы технологияның мүмкіндігімен қол жеткізе аламыз» деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.  

 

АЛМАТЫ