Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Солтүстік Қазақстанда дихандар мерекесі аталып өтті

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін солтүстікқазақстандықтар Ауылшаруашылығы, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі күнін атап өтті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан облыс дихандары биыл бес млн тоннадай астық алғандары айтылды. Сонымен бірге бүгінгі таңда облыс саланы әртараптандыру жұмысын жүргізуде де алда келе жатыр.

Солтүстік Қазақстанда дихандар мерекесі аталып өтті

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов дихандар мен осы саланың басқа да еңбеккерлерін құттықтап, Құрмет грамоталарын және басқа да сыйлықтар мен атақтар тапсырды. Ондайларды алғандар саны алпыс адамдай болды.

«Биылғы ауа-райының қиын жағдайына қарамай біз еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін арттыру жолында аянбай тер төгіп, жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Бұл құрметті механизаторлар, тракторшылар, комбаиншылар, агрономдар, инженерлер сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қол жеткізілген табыс болды» деп атап өтті ол өзінің сөзінде.

Солтүстік Қазақстанда өңдеу кәсіпорындарының саны да жыл сайын арта түсуде. Биыл ғана үш цифрлы сүт фирмалары пайдалануға берілді. Алдағы уақытта осындайдың онын салу жоспарланып отыр. Өңір аграрлық секторға инвестиция тартудан да көршілерге қарағанда алда келеді. Құрама жем шығаратын «Kazmeal» ЖШС осы әдіспен іске қосылды. Бұл жобаға барлығы 4 млрд теңге құйылса, соның жартысын шетелдік әріптестер салды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы