Руханият • 28 Қараша, 2019

«Қызға қырық үйден тыйым» болуы керек-ақ!

1298 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балалардың тәрбиесі өзекті мәселеге айналып отыр. Әрине ешкім де перзентін жаман болсын деп тәрбиелемейді. Бірақ уақыттың ағымы, қоғамдағы түрлі жағдайлардың бәрі де адам санасына өзгеріс әкелмей қоймайды.

«Қызға қырық үйден тыйым» болуы керек-ақ!

Кезіндегі «Қызға қырық үй­ден тыйым» қағидасы бүгінде көп жағдайда ескерілмей жата­ты­ны да сондықтан болса керек. Бойжетіп келе жатқан бұла қыздардың кейбірінің шалыс басқан бір қадамы өмірлік қасі­рет­ке айналуы мүмкін. Жауап­­кер­шілік жоғалған жерде еш­те­ңенің де қалмайтынын «ойнап жүріп, от басқан» кейбір бой­жеткендердің тағдыры­нан көруге болады. Бұлай деуімізге себеп, бүгінде Жамбыл облысының білім ошақтарында мектеп жасында жүріп жүкті болып қалған қыз­дардың көбеюі болып отыр. Nur Otan партиясы балалар құқы­ғын қорғау жөніндегі кеңес мү­шесі Рысты Жұмабекова осы мәсе­ле төңірегінде жамбылдық ше­неу­­нік­терге шүйліккен болатын. Ра­сын­да да ешкімді ұр­пақтың тәр­биесі бейжай қал­дыр­мауы тиіс.

Жамбыл облыстық білім бас­қар­масының басшысы Рахия Тұр­маханбетова облыс­тық ден­сау­лық сақтау басқармас­­ының мәліметі бойынша ағымдағы жыл­дың 9 айында ерте жүктілік­пен тіркелген қыздарға қатыс­ты талдау жұмыстарының жүргі­зілгенін айтады. Мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша барлығы 13 пен 18 жас аралығында жүкті болып тіркелген бойжеткендердің саны 213-ке жеткен екен. Олардың 113-і бүгінде кәмелет жасына толып қойған болса, 92 қыздың жасы 16 мен 17 жас аралығында болып шықты. Оның ішінде 108 қазақ қызы болса, қалғандары орыс, неміс, дүнген, түрік, әзер­байжан, өзбек, күрд, грузин, тәжік ұлтының өкілдері екен. Мәсе­лен, Тараз қаласында 2, Бай­зақ ауданында 1, Жамбыл ауданында 1, Т.Рысқұлов ауданында 3 және Шу ауданында 1 қыз 16 жасқа дейін жүкті ретінде тіркеліпті. Мұндай жағдайларды бойжеткендердің өз өмірлеріне бейжай қарағанынан туындап отырған мәселе деуге болады. Ал психологтардың айтуынша, қыз бен жігіттің арасындағы алдамшы сезім, сонымен қатар жеке жауапкершіліктің жоқтығы да осындай жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін екен.

«Атап айтқанда, бұл 8 қыз­дың 4-еуі колледждерде оқып жүріп тіркелсе, қалған 4-еуі мек­тепте оқып жүріп тіркелген. Бүгінде бұл қыздардың 7-еуі кол­­ледж студенті болса, ал б­іреуі кешкі мектепте оқуын жал­­­ғас­тыруда. Ұлттық бөліні­сі­не келсек, олардың ішінде 6 қазақ қызы, 1 түрік және 1 орыс қызы бар. 7 қыздың отбасы­лық жағдайы төмен, 1 қыздың жағ­дайы орташа», дейді Рахия Тұр­ма­ханбетова. Басқарма бас­шы­сының ай­туынша, ерте жүк­тілік бойынша тіркелген бойж­ет­кендердің дені негізінен әлеу­меттік жағ­дайы төмен отбасылары­нан шық­қандар екен. Ал олардың мұн­дай сорақы жағдайға ұры­нуы­на нақты себепті табу тағы қиын. Дегенмен мұндай көкей­кесті мәселе төңірегінде бүгін­де өңірде қандай жұмыстар атқа­рылуда деген сауалдың ұшы көрінеді. Әрине мұндай келең­сіз жағдайлар орын алғанда әуелі олардың ата-анасы мен мұға­лім­дерінің жауап беретіні рас. Бірақ өз ауыртпалығын өзгелерге артқан бойжеткендер неге әуелі өзінің ары мен ұятын ойламады екен деген де ойға қаласың.

Бұл ретте Рахия Тұрмахан­бетова ерте жүктілікті және жыныстық сипаттағы, сонымен қатар балаларға қатысты зор­лық-зомбылық және қаты­гездік көрсетудің алдын алу мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтып берді. Ата-аналар қауымын бала тәрбиесіне тиісті деңгейде қамту мақсатында жыл сайын ата-аналар форумы ұйымдастырылып, тиісті Үндеулер қабылдануда екен. «Жасөспірім қыздар ара­сын­да ерте жүктіліктің алдын алу мақ­сатында білім мекемелері үк­і­­меттік емес ұйымдармен бір­лес­кен жұмыстар жүргізуде. Соны­мен қатар облыстық білім бас­­қармасы білім беру меке­ме­­лерінде кәмелетке толмай жүкті болып есепке алын­ған жасөспі­рім­дердің ерте жүктілі­гінің алдын алу, сексуалды сипат­та­ғы қыл­мыстарды ерте анықтау мәсе­лелерін үнемі бақылауда ұстай­ды», дейді басқарма басшысы.

Бірақ бұдан да мәселенің шешіліп кетпесі анық. Адам бар жер­де мәселе бар. Дегенмен ертең ана болатын бүгінгі қыз­дары­­мыздың қызық қуып, жал­ған сезімнің жетегінде кетіп жатуы ойлантарлық жағдай. Бұ­ған ата-ананы да, мұғалімді де кінә­лау орынсыз. Қоғамда әркім өзі­нің арын, иманын сақтаса ғана өрес­кел жағдай орын алмайды деуге болады. Ал қыздарды алдаусыратып, бір сәттік құмарлық үшін еркіне тұсау сала алмайтын боз­балалардың да бұл мәселеге келгенде ойланғандары дұрыс-ақ...

 

Жамбыл облысы