Хоккей • 28 Қараша, 2019

Овертаймда басым түсті

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы Магнитогорскіде жергілікті «Металлург» командасымен ойнады.

Овертаймда басым түсті

Кездесудің алғашқы шайбасын ойынның жетінші минутында мұзайдын иелерінен Сергей Мозякин соқты. Мозякинді хоккей жанкүйерлері Олимпиада және Әлем чемпио­ны ретінде жақсы таниды. Матчтың бірінші кезеңі 1:0 есебімен аяқталды. Үзілістен кейін «Барыс» сапынан Павел Акользин таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Ал қосымша уақытта Линус Виделль нысананы дәл көздеп, командасына жеңіс сыйлады. Есеп – 1:2.

Бұл жеңісінен кейін «Барыс» «Шығыс» конференциясында 38 ұпаймен 5-орында келеді. Жерлес­те­ріміз келесі кездесуін бүгін Ека­теринбургте «Автомобилист» клубына қарсы өткізеді.