Сессия жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков және Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян қатысуда.
Сессия аясында ҰҚШҰ қызметінің 2019 жылғы басым бағыттарының жүзеге асырылуы қортындыланып, болашақ жоспарлары жасалады деп күтілуде. Ұйым жұмысының барлық шешуші бағыттары бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланбақ.
2002 жылы құрылған ҰҚШҰ құрамына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін халықаралық аймақтық ұйым екенін айта кетейік.