Аймақтар • 28 Қараша, 2019

Маңғыстауға биыл 445 млрд теңге инвестиция тартылды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда Маңғыстау аумағында 763 шетелдік компаниялар жұмыс істейді. Олардың қатарында Еуропа, АҚШ, Қытай, Жапония, Корея және т.б. 47 елден келген мекемелер бар. Өткен аптада өңірдің экономикалық дамуына оң серпін беретін жаңа жобалар құрылысы бастау алды.

Маңғыстауға биыл 445 млрд теңге инвестиция тартылды

Оның бірі – құны 1,8 млрд АҚШ долларын құрайтын метанол мен олефин өндіретін зауыт. Өндіріс ошағы «АқтауТеңізПорты» АЭА-да бой көтереді. Инвестициялық жоба 2023 жылы іске қосылады. Зауыт құрылысына 4000 жұмысшы жұмылдырылады, ал зауыт іске қосылысымен 700-ге жуық жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады.

Екіншісі – Каспий теңізі түбінен Әзірбайжан бағытына қарай талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жобасы. Құны 60 млн. АҚШ долларын құрайтын ауқымды жоба аясында 150 жаңа жұмыс орны ашылады. Теңіз түбінде жүргізілетін желі ұзындығы 400 шақырымды құрайды. Секундына 4-6 терабит ақпарат алмасу қуатына ие жоба Еуропа мен Азия арасын жалғайтын сандық телекоммуникациялық дәліздің негізіне айналады.

Биыл Маңғыстау өңіріне тартылған инвестиция көлемі – 445 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артқан.