100 • 28 Қараша, 2019

Орынборда «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған шаралар өтті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі бастаған қазақстандық делегация Орынбор қаласындағы тарихи орындарды аралады. 

Орынборда «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған шаралар өтті

Соның ішінде «Ұшқын» газетінің редакциясы болған ғимарат, 1919-1924 жылдары Қырғыз (қазақ) Орталық атқару комитеті орналасқан үй, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы тұрған, ағартушы Ыбырай Алтынсарин қызмет еткен ғимараттар бар.

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің көмегімен, Орынбор облысы және қаласы басшыларының қолдауымен «Ұшқын» газеті редакциясы болған көне ғимаратқа, қазіргі Ленин көшесі 17 үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнату жөнінде келісімге қол жеткізілді.