Салтанатты шараға мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, Nur Otan партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қоғамдық және мемлекеттік қызметкерлерден құралған комиссияның шешімімен мына төмендегі азаматтар «ЖанДос» қоғамдық сыйлығының тұңғыш иегерлері атанды:
Мейірім Орынбаев, MEIIRIM оңалту орталығының жетекшісі, «Ғибрат» жастар денсаулық орталығының қызметкері – «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық қызмет саласындағы үздік жетістіктері үшін»;
Кәріпбек Күйіков – «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолданбалы өнер саласындағы жетістіктері үшін»;
Біржан Әбжанов – «Вокалдық орындау саласындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың үздік жетістіктері үшін»;
Наталья Звягинцева – «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың спорт саласындағы жетістіктері үшін»;
Виктория Титова – «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәдениет саласындағы жетістіктері үшін»;
Айдана Нұртазина – «Арбада билеу саласындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың жетістіктері үшін»;
Таңсәуле Серіков, ҚарМТУ қызметкері – «Белсенді еңбек қызметі үшін»;
Татьяна Головченко, сурдоаудармашы және педагог – «Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесі үшін»;
Валерия Нефедова, кәсіпкер – «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға мейірімді қарым-қатынасы үшін»;
Светлана Сбродова, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі – «Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін БАҚ-та үздік жариялағаны үшін».
Ұйымдастырушылар «Жан Дос» қоғамдық сыйлығын тапсыру шарасының жыл сайын ұйымдастырылып отыратын жариялады.