Дөңгелек үстелге Орынбор облысы Мәдениет және сыртқы байланыстар министрінің орынбасары А.Калинин бастаған орынборлық лауазымды тұлғалар қатысқан.
«Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен өткен жиында Орынбордың қазақ руханиятындағы орны туралы жақсы әңгіме айтылды. Әсіресе, Орынбор мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері К.Моргунов Орынбор рабфакында оқыған қазақтар туралы өте қызықты, дерекке толы баяндама жасады. Делегация құрамындағы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы М.Құлшар да жақсы сөйледі.
Арқалы ақындар Несіпбек Айтұлы мен Бауыржан Халиолла газет мерейтойына арнаған өлеңдерін оқыды. Кездесу соңында Орынбор қазақтары қауымдастығы ұйымының басшысы Ж.Иткузовпен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойдық» деп жазды Д.Қыдырәлі.