Спорт • 29 Қараша, 2019

Каратэшілер Мадридте күш сынасады

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Испанияның астанасында каратэден «Премьер Лига-Мадрид Опен 2019» деп аталатын халықаралық турнир басталады.

Каратэшілер Мадридте күш сынасады

Биылғы маусымның ең соңғы лицензиялық жарысына 89 мемлекеттен келген 737 спортшы қатысады. Солардың қатарында Қазақстанның да каратэшілері бар. Біздің ұлттық командамыздың сапында мына спортшылар өнер көрсетеді:

Ерлер кумитесі: 60 кило – Қайсар Алпысбай, Дархан Асаділов, Еркінбек Байтөреев, Дидар Әмірәлі; 67 кило – Асылбек Мұратов, Мұса Бексұлтан; 75 кило – Ермек Айназаров; 84 кило – Игорь Чихмарев, Данияр Юлдашев.

Әйелдер кумитесі: 50 кило – Мөлдір Жаңбырбай; 55 кило – Әсел Серікова, Аружан Мұхтар, Гүлмира Үсенова, Сабина Захарова; 68 кило – Александра Будкина, Гүзалия Гафурова; +68 кило – Софья Берульцева.  

Сонымен қатар ерлер катасында қандасымыз Мәди Катешов өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар