Кәсіпқой бокс • 29 Қараша, 2019

Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінің билеттері сатылымға шықты

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында «MTK Global Kazakhstan» компаниясының мұрындық болуымен кәсіпқой бокс кеші өтетіні және айтулы жарыс АҚШ-тың әйгілі ESPN телеарнасынан көрсетіліетіні жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз.

Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінің билеттері сатылымға шықты

Қазақстан Республикасының бас мерекесі – Тәуелсіздік күні ұйымдастырылғалы отырған байрақты бәсекенің билеттері сатылымға шықты. Қазірдің өзінде оған Zakazbiletov.kz сайты арқылы тапсырыс беруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы бокс кешінде Виктор Коточигов, Ескендір Харсан, Абай Төлеш, Рай Сейітжанов, Елшат Нығметолла, Нұртас Әжбенов, Сұлтан Зәуірбек, Мирасәлі Сәрсенов және Нұрдос Төлебай сынды жерлестеріміз өнер көрсетеді.

Сонымен қатар осы жарыста Рио Олимпиадасының жеңімпазы, әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері, Өзбекстанның жарқын жұлдызы Фазлиддин Гаибназаровтан бастап, шет мемлекеттерден келген басқа да кәсіпқой бокстың хас шеберлері күш сынасады.

74