Руханият • 29 Қараша, 2019

Алматыда рухани жаңғыруға қатысты жобалар нәтижесінің таныстырылымы өтті

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Smart Point коворкинг-орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттарын жүзеге асыру мақсатында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен есептік дөңгелек үстел өткізді.

Алматыда рухани жаңғыруға қатысты жобалар нәтижесінің таныстырылымы өтті

Жиында Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобасын әзірлеу және оны іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» жобаларының қорытындысы баяндалды.

Жоба Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілетуге жұмыс істеді.

Бұл бастамалар бірінші кезекте Қазақстан этностары коммуникациясының жаңа арналарын жандандыруды көздейді. Әртүрлі этностық топтар өкілдерінің қазақтардың тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы және ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Жастарды қазақ халқының құндылықтарын тарату, ену және қабылдау процесіне тартуға талпынды.  

Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда облыстарынан мемлекеттік органдарының, сарапшылық қауымдастық пен қоғам өкілдерінің қатысқан жобалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғам арасында ілгерілетуге және ортақ құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

Дөңгелек үстел барысында жоғарыда аталған бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесі ұсынылып, талқыланды.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ЖОО-лар, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктер серіктес болды.