Басылымның мәліметінше, Google Photo-да адам түрін танитын арнайы алгоритм дайындалды. Бірақ камерадан сәл ғана ауытқып кеткен жағдайда немесе бетіне көлеңке түсіп қалса қосымшаның адам түрін тани алмайтыны айтылады.
Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, қолданушылар бір-бірін белгілеп қана қоймай, суреттерді редакциялай алады. Компания өкілдері бұл функцияның Google Photо-да нақты қашан пайда болатынын нақтыламады.