Қазақстан • 30 Қараша, 2019

Алтай Көлгінов 400-ден астам отбасына пәтер кілттерін табыстады

185 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй кезегінде тұрған 419 азаматқа пәтер кілттерін табыстады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алтай Көлгінов 400-ден астам отбасына пәтер кілттерін табыстады

Пәтерлер әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтарға берілді. Бірнеше блоктардан тұратын тұрғын үй кешені Н. Тендиев даңғылы мен Ш. Бейсеков көшесінің қиылысында орналасқан. «Тәуелсіздігіміздің негізін қалаушы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы азаматтарымыз үшін жағдай жасауымыз керек екенін айтып келеді. Осындай тұрғын үй алатын мемлекеттік бағдарлама бұрың соңды болмағанды. Қазір елордада жыл сайын 2 млн шаршы метрге дейін тұрғын үй салынып жатыр, 80% - дан астамы жеке инвестициялар арқылы. Тек осы үйде  400-ден астам пәтер орналасқан. Келесі жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына орындау мақсатында қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін 3 есеге арттырамыз», - деді А. Көлгінов. Мәселен, жалға берілетін тұрғын үйдің иесі Жанна Такенова 2009 жылдан бастап кезекте тұрғанын айтты. «Көршілерімізбен танысып үлгердік, барлығымыз өте қуаныштымыз», - деді. «Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Бізге берілген пәтер үшін мемлекетке алғыс білдіремін. Мен ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отырмын. Қала тұрғындарына айтарым, еш күмәнданбай құжаттарды тапсырыңыздар. Сіздерде пәтер иегері ата аласыздар», - деп атап өтті Ж. Такенова. Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін құрылыс нормаларындағы қауіпсіздік параметрлерін күшейтуді тапсырды. Осылайша, жаңа үйдің барлық пәтерлерінде терезелерді бекітуге арналған құрылғылар орнатылған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамыту шеңберінде ТК салу үшін негізінен отандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланып, өз елімізде шығарылған лифтілер қойылды . Қала әкімі Алтай Көлгінов көктем басталысымен аумақты абаттандыру жұмыстары басталатынын атап өтті: ағаштар отырғызылады, қосымша орындықтар, балалар тренажерлері және т. б. орнатылады.