Астана қаласы 2010 жылғы 23 ақпан № 172/323
“Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын, әкімдерін сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы” Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/251 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. “Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын, әкімдерін сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы” Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 932 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының тақырыбы мен 1-тармағында “, әкімдерін” деген сөз алынып тасталсын;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:”;
3) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын, әкімдерін сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесінде:
атауында “, әкімдерін” деген сөз алынып тасталсын;
1-тармақта:
төртінші абзацта:
“Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген әкімдердің сайлауын өткізу ережесінің, ” деген сөздер алынып тасталсын;
“, әкімдерін” деген сөз алынып тасталсын;
Бесінші абзацта “, әкімдерін” деген сөз алынып тасталсын;
2-тармақта:
төртінші және бесінші абзацтарда “, әкімдерін” деген сөз алынып тасталсын;
алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтар алынып тасталсын;
5-тармақта “, әкімдерін” деген сөз алынып тасталсын.
6-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының төрағаларына, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына, Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.МЕЛДЕШОВ.