Спорттық сайысқа Шымкент қаласы мен Түркістаноблысынан келген 32 команда волейбол, футбол жәнебильярдтан бақ сынасты.
Спартакиаданың ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртайқатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап, спорттық бәйгеде сәттілік тіледі.
Үшінші мегаполистегі Қажымұқан атындағыОрталық стадионында өткен БАҚ спартакиадасындаүш спорт түрі бойынша жеңімпаздар анықталыпқомақты жүлделерге ие болды.
Тарқатып айтар болсақ, волейболдан бірінші орынды«Оңтүстік» телеарнасы командасы, екінші орынды«Рейтинг-Собкор» құрамасы, қола жүлдені «Ернияз»баспасының ұжымы жеңіп алды. Мұнан бөлек, бес бірдей үздік волейболшы түрлі номинация бойыншажүлдегер атанды. Ал, журналистердің теңбіл допдодасында «Ернияз» баспасы чемпион болса, өңірдегі меншікті тілшілерден жасақталған«Рейтинг-Собкор» құрамасы жүлделі екінші орын, Түркістан облыстық ақпараттық талдауорталығының командасы үшінші орын алды.
Бильярдтан әріптесіміз, журналист КеңесИсмайловты еске алуға арналған тұңғыш турниргекөршілес Жамбыл облысынан келген әріптестерімізде бақ сынады. Турнир қортындысы бойынша бас жүлдені «Қазақстан» ұлттық арнасының операторы Нұрлан Нұрбеков («Рейтинг-Собкор» командасы) жеңіп алса, Жамбыл облыстық «Ақжол» газетініңжурналистері Ерғали Картайған мен
Табигат Абаилдаев екінші, үшінші орынға тұрақтады.
Тұңғыш Президент күніне орай өткен сайыстың жалпы есептік көрсеткіші бойынша меншікті тілшілердің «Рейтинг-Собкор» құрамасы бір алтын, екі күміспен командалық есепте бірінші орынға шықты.
Жарыстың жабылу рәсімінде қалалық Ішкі саясатжәне дін істері басқармасы басшысыныңорынбасары Мөлдір Кеуенова жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, кубоктар, қаржылайсыйлықтар табыстады.