Түркістан облысының Сарыағаш ауданында ашылған сәулеті ерекше Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығында бір мезетте 10 мың адам құлшылық ете алады. Орталықтағы медресе-колледж шәкірттеріне арналған 29 сыныпта 600 бала дәріс тыңдай алады, 69 жатын орын, 1000 адамға арналған асхана бар.

Орталықтың ашылу салтанатында Түркиядан келген мәртебелі мейман Нежметтин Ердоған Біләл Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізді. «Біз Атажұрттағы ағайынның қуанышына қашан да ортақпыз. Баршаңызды мешіттің ашылуымен құттықтаймын. Алла Тағала бауырлас қазақ халқына жақсылығын жаудырсын», делінген Түркия Президентінің құттықтауында. Ал Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың құттықтауын кеңесшісі Амруддин Эдилгерев оқып берді. Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мұсылман қауымды, оның ішінде Сарыағаш қаласының тұрғындарын ислам орталығының ашылуымен құттықтап, игі тілегін жолдады. «Ғұламалардың айтуынша, өмір төрт тағаннан тұрады: ғалымның насихаты, патшаның әділдігі, байдың жомарттығы, халықтың дұға-тілегі. Осы төрт таған өзіндік көркем үйлесімін тапқанда ғана кез келген қоғам бақытты болады», - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев. Ізгі тілектерін Өзбекстан мүфтиі Османхан қажы Әлімов пен Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтамушов та білдірді. Ал еліміздің бас мүфти Серікбай қажы Ораз әрбір адам өмірінде мешіттің алар орны туралы насихат айтты. «Біздің өміріміз мешітпен байланысты. Адамның жүрегі құлшылық үйінде жай табады. Онда қаншама уақытымызды құлшылықпен өткіземіз. Бауырды бір-бірімен қауыштырып, өзара имандасатын мекеніміз – мешіт. Елдің игілігі үшін жасалатын қайырымдылық пен ізгі істер де Алланың үйінде жүзеге асады. Жабырқаған жанның мейірімге бөленетін мекені де – мешіт. Сәби дүниеге келген сәтте оған азан шақырылып, ат қойылады. Ол мешітте тәлім алып, ер жеткенде некесі қиылады. Отбасылық өмірде кездесетін түрлі сынақтар мен сауалдардың жауабы һәм пәтуасы осы мешіт пен имамның араласуымен жүзеге асады. Сондықтан, мешіт салу - сауабы мол сауапты іс», – деді Серікбай қажы Ораз. Сондай-ақ бас мүфти шетелден келген қонақтарға алғыс айтып, ислам орталығын салып берген азаматтарға жылы лебізін білдірді.
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар