Қоныс тойын өз шаңырағында атап өткен ана мен бала бұл қуанышқа мемлекеттік бағдарламалар мен меценаттардың көмегін арқылы қол жеткізді. Бүгінге дейін аудан орталығы Балпық би ауылынан 10 отбасы, Мұқаншы ауылдық округінен 3 әулет, Жарлыөзек және Еңбекші ауылдарынан екі-екі отбасыдан баспаналы болса, Мұсабек, Алғабас ауылдық округтерінен де бір-бір әулет үй алған.
-Жақын күндері Балпық би ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан 50 пәтерлік үй пайдалануға беріледі. Бұл - көпқабатты жалгерлік үйдің құны 456,9 млн теңге. Осы үйден кезекте тұрған көп балалы отбасыларға да пәтер береміз. Қазір аудан бойынша 141 көпбалалы отбасы тұрғын үйге мұқтаж. Болашақта мәселе шешімін табады, дейді Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ.