Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Тараз қалалық мәслихатының келісімімен Тараз қаласының әкімі болып Айтқазы Қарабалаев тағайындалды. Жиын барысында Асқар Мырзахметов екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласының әкіміне жүктелетін жауапкершіліктің жоғары екенін айтып өтіп, жаңа әкімге облыс орталығындағы әлеуметтік және экономикалық ахуалды көтеру мақсатында нақты тапсырмалар берді.
Тараз қаласына әкім болып тағайындалған Айтқазы Қарабалаев кезінде Жамбыл облысының Жуалы және Талас аудандарын басқарған. Соңғы кезде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры лауазымында болған.