Видео • 03 Желтоқсан, 2019

«Егемен Қазақстан» газетінің 3 желтоқсандағы санына шолу (видео)

626 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газетінің 3 желтоқсан күнгі саны Мемлекет басшысының бірқатар кездесулері, маңызды қабылдаулары, саяси салмақты басқосуларымен басталып, жиырма жасқа баспана берілгені туралы жағымды жаңалықпен жалғасты.

«Егемен Қазақстан» газетінің 3 желтоқсандағы санына шолу (видео)

Оңтүстік Кореяның бұрынғы Мәдениет, спорт және туризм вицеминистрімен болған Дастан Ақаштың «Қазақтар мен корейлердің ұқсастығы бар» деген сұхбаты қызықты мәліметтерге толы.

Ғасыр тойын жасаған бас басылымның 100 жылдығына арналған кешенді шаралардың бір парасы өткен аптаның соңында Батыс Қазақстан облысында және Ресей Федерациясының Орынбор қаласында өтті. Салмақты сапар жайлы сараптаманы Қазбек Құттымұратұлының мақаласынан оқып, таныса аласыздар.

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі 5-тур ойындары өтті.  Еурокубок додасының «L» тобында өнер көрсетіп жатқан елорданың «Астана» командасы «Астана Аренада» Англияның азулы «Манчестер Юнайтед» командасын жеңіп, қазақстандық футбол жанкүйерлеріне тарихи жеңіс сыйлады.

Құрметті оқырман қоғам, әлеумет, руханиятқа қатысты маңызды мақалалармен, әртүрлі жаңалықтарды оқығыңыз келсе, «Егемен Қазақстан» газетінің 3 желтқоқсандағы санын немесе egemen.kz сайтын оқи жүріңіздер.

Соңғы жаңалықтар