Үкімет • 03 Желтоқсан, 2019

Әскери медицинаны дамытуға арналған жаңа бағдарлама ұсынылды

36 реткөрсетілді

Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы әскери медицинаны дамыту бағдарламасын әзірледі. Қорғаныс министріне осы саланы дамытудың негізгі бағыттарын баяндады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Бағдарлама Қазақстанның әскери медицинасының бірқатар маңызды бағыттарын қамтиды: әскери-медициналық қамтамасыз етуді басқару, кадрлық ресурстар, материалдық база және ұйымдық-штаттық құрылым, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Бұл ретте ағымдағы жағдай, проблемалық мәселелер және оларды шешудің ұсынылатын жолдары егжей-тегжейлі көрсетілген.

Бас әскери-медициналық басқарма бастығы полковник Тимур Ошақбаевтың айтуынша, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстанға бейбіт және басқа да уақытта міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетті, медициналық қамтамасыз ету мен сақтандырудың жалпы жүйесінде бәсекеге қабілетті әскери-медициналық бөлімшелер мен мекемелер құруға мүмкіндік береді.

Баяндамада айтылғандай, жоспарланып отырған басты нәтижелер – әскерлерді сапалы, заманауи медициналық мүлікпен және техникамен үздіксіз қамтамасыз ету, әскери дәрігердің мәртебесін және әскери медицинаның беделін арттыру болып табылады. Бұл шаралардың барлығы аталмыш құрылым мен медициналық қызмет жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның маңызды аспектісі санаториялық ұйымдардың климатогеографиялық орналасуы бойынша орындарды бөле отырып, санаториялық-курорттық емдеуге сәйкес қызметтерді сатып алу болып табылады. Қызметті қазіргі әскери қызметшілер мен запастағы адамдар пайдалана алады.

Сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуын кеңейту шеңберінде әскери-далалық госпитальді дайындау және оны жіберу жоспарланып отыр.

Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде 21 әскери-медициналық мекеме жұмыс істейді. Атап айтқанда, орталықтар, госпитальдар, лазареттер және 131 медициналық бөлімше-медициналық роталар, пункттер, взводтар, бөлімшелер.

Әскери медиктердің негізгі бөлігі запастағы офицерлерді және шет мемлекеттердің әскери оқу орындарының түлектерін шақыратын Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарынан құралады. Қосымша білім беруді ҚМ әскери медицина орталығы қамтамасыз етеді. Жыл сайын 400-ге дейін адам білім алады. Әскери медицина жүйесін дамыту мен жетілдіру әскердің жоғары жауынгерлік даярлығын қолдау жөніндегі шаралар кешенінде басым бағыттардың бірі болып табылады және мемлекеттің қорғаныс қабілетіне тікелей әсер етеді.


Соңғы жаңалықтар

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Жас отбасылар баспаналы болды

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 25

Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар