Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019

Нарынқолдық шаруалар 25,7 млрд теңгенің өнімін өндірді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының таулы аймағы – Нарынқол топырағын «Картоптың Отаны» деп текке айтпаған. Ішкі-сыртқы нарықты «екінші нан» өнімімен қамтып отырған ауданның шаруалары биыл да қомақты табысқа кенелді.

Нарынқолдық шаруалар 25,7 млрд теңгенің өнімін өндірді

Өткен 10 айдың қортындысы бойынша Райымбек ауданында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрапты. Жиын-терімнің түсімі әлі толық есептеліп болмағандығын ескерсек, бұлкөрсеткіш әлі де өсіп, 26,7 млрд теңгені құрайды деген болжам бар.

Ауданда негізінен картоп өсіріледі. Жалпы соңғы жылдар аралығында Райымбек өңірінде осы картап егістігінің көлемі 10 есеге артқан екен. Бұл жергілікті жұрттың жаппай жер еміп, несібесін еңбектен табуға жұмылғанын көрсетеді. Қазір ауылдағы ағайын картоп егістігінің көлемін 700 гектарға ұлғайтып, жиналатын өнімді 380 центнерге дейін жеткізіп отыр. Биыл да  картоп 6 мың гектарға себіліп, одан 123 мың тонна өнім алынды.

-Аудандағы шаруа қожалықтары мемлекеттің көмегімен 240 тонна голландиялық «Санте» және «Агрия» сорттары сатып алды. Нәтижесінде картоп егу көлемі бұрындары 70 гектар болса, қазір көрсеткіш 10 есеге өсіп, 700 гектарға жеткізілді. Жаңа тұқымның, жаңа технологияның арқасында өнімділік те артты. Бұрын әр гектарынан 170-180 центнерден картоп алынатын болса, енді 380 центнерге дейін өнім жинадық, дейді Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов.