Жеребе бойынша «А» тобына Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы түсті. Олар 26-27 қазан күндері топ үздіктерін анықтады. Дзюдодан Ақтөбе облысы жартылай финалға жолдама алса, грек-рим, еркін күрес, таеквондо және каратэ бойынша Алматы облысының командасы үздік деп танылды. Бокс бойынша «А» тобында Қарағанды облысы, қазақ күресінен «Qyzyljar Arlandary» спорт клубы жартылай финалға шықты.
«В» тобының іріктеу кезеңі 19-20 қазан күндері Қостанай қаласында өтті. Қостанай облысы, СҚО, ШҚО және Жамбыл облысының құрама командалары өзара мықтыны анықтады.
ШҚО спортшылары дзюдо мен еркін күрестен, грек-рим күресінен Қостанай облысы, таеквондо мен каратэден Жамбыл облысы, бокстан Нұр-Сұлтан спортшылары мен қазақ күресінен «ЗАК КАР» қазақ күресі спорт клубы жартылай финалға жолдама алды.
12-13 қазан күндері Қарағанды жерінде «С» тобынанан Қарағанды, Түркістан облыстары мен Шымкент, Нұр-Сұлтан қаласының командалары арасында жартылай финалистері белгілі болды. Қарағанды облысы дзюдодан үздік шықса, Түркістан облысы таеквондо, Нұр-Сұлтан қаласының командасы еркін күрес бойынша мықты екенін дәлелдеді. Шымкент қаласының каратэ мен грек-римк күресінен құрама командалары іріктеу кезеңнен іркілмей өтті. Бокстан Түркістан облысы, «Qazaq kuresi» қазақ күресі спорт клубы финалдық жолдама үшін күресетін болады.
5-6 қазан күндері Оралда «D» тобының үздіктері анықталды. Жеребе бойынша бұл топқа Батыс Қазақстан, Қызылорда, Манғыстау, Алматы облыстары түскен болатын. Дзюдо, таеквандо, грек-рим және еркін күрес спорт түрлері бойынша Алматы облысы, каратэ бойынша Маңғыстау облысының спортшылары өз топтарында озып шықты. Бокстан Маңғыстау облысы жартылай финалға шықса, қазақ күресінен «Орталық армия спорт клубы» жартылай финалда белдеседі.
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерінің конфедерациясы Кубогының 2019 жылдың жартылай финал және финалдық ойындары 7-8 желтоқсанда Алматы қаласында, Балуан Шолақ спорт кешеңінде өтеді. Конфедерациясы Кубогының биылғы жүлде қоры 165 миллион теңгені құрайды.