Руханият • 04 Желтоқсан, 2019

Ата өнері – ұрпаққа мұра

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы республикалық Достық үйінде «Қазақтану» жобасы аясында «Ата өнері – ұрпаққа мұра» деген атаумен іс-шара өтті. Оған еліміздің мәдениет қайраткерлері, қолөнер шеберлері, белгілі ғалымдар мен танымал спортшылар, этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы және зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ата өнері – ұрпаққа мұра

Аталған іс-шара барысында керемет концерттік бағ­дарлама, қазақтың ұлттық қолданбалы өнері мен ұлт­тық тағамдар көрмелері, қазақ хал­қының мәдениеті, тарихы және тұрмыс-тір­шілігін насихаттауға бағыт­­талған ше­­берлік сабақтары өткізілді. Жиынға қатысушылар мен қонақтар белгілі бір заттың пайда болу тарихы және оларды жасау әдіснамасы жайында көптеген құнды дерекке қанық болды.

Қазақстан халқы Ассам­блеясы және Темірбек Жүр­­­­­генов атындағы Қазақ ұлт­­­тық өнер академия­сы­ның қолдауымен ұйым­дас­ты­рылған бұл жи­ынның бас­ты мақсаты – қо­ғамдық ке­лісім мен ұлт­тық бірліктің қа­­­зақстандық мо­делін қа­лыптастыру, қазақ­стан­дық патриотизмді ны­ғай­ту, қазақ хал­қының тарихы, салт-дәс­түрі, мәде­ние­ті, философиясы мен құн­ды­лық­тарын барынша насихаттау.

Жиын соңында ауыр атлетикадан әлемнің екі дүр­кін чемпионы, Азия ойын­дарының жеңімпазы Майя Манеза, еркін күрестен спорт шебері, бірқатар дү­бір­­лі до­дада дараланған Рус­­лан Сым­тықов, бокс­тан елі­­­мізге еңбек сіңір­ген жаттықтырушы, Қазақ­стан­ның студенттер құ­рама­сы­ның аға бапкері Дастан Сә­дуақасов, аса дарынды ба­луа­н, жастар арасындағы әлем бірін­шілігінің күміс жүл­­­де­гері Адлан Асқаров сын­­­­ды спорт­шылармен мән­ді де ма­­ғыналы кездесу ұйым­дас­­­тырылды. Олар өзде­рінің жү­­­ріп өткен жолдары мен қол жет­кізген табыстары жайында тар­тымды әңгіменің тиегін ағытты.

1

 

АЛМАТЫ