Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

Елбасы мақаласы негізіндегі жоба

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытында оқы­татын Назарбаев зияткерлік мек­тебінің оқушысы Сұңғат Әбді­разақ «Kazakhland» ойын-сауық орталығы» атты ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жоба жасады.

Елбасы мақаласы негізіндегі жоба

Ерекше жоба мектептегі ашық есік күнінде таныстырылды. Жоба авторы жұмысты Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын негізге ала оты­рып жасағанын, сондықтан ойын-сауық орталығы 7 секциядан тұратынын мәлім­деді.

Тарқатып айтар болсақ, «Ертегілер елі», «Археология елі», «Қазақ ән-жы­ры елі», «Жылқылар әлемі», «Қолөнер елі», «Ұлттық ойындар елі», «Жыл он екі ай елі». Орталыққа келген жас өскін түрлі ұлттық ойындарға қаты­сып, квес­терді іздеп, ақыл-ойын жетіл­діретін болады.

Мәселен, «Қазақ ән-жыры еліне» саяхат жасаған балалар едендегі түр­лі нотаны басу арқылы түрлі күй мен әуендерді ести алады. Домбыра, қо­быз, сазсырнай сынды ұлтымыздың музыкалық аспаптарының бейнесін LED экраннан тамашалап қана қоймай, одан қандай үн шығатынына да қаныға түспек.

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Сұңғат Әбдіразақ: «Жоба шын мәнінде қолдау тауып, қалада бой көтеретін болса, онда туристер үшін таптырмас аймаққа айналар еді», дейді.

Сонымен қатар ғылыми-шығарма­шылық идеялар жәрмеңкесінде жас өнер­тапқыштардың «Bio worlds», «Рухани жаңғыру», «Robotics», «Ғылыми лаборатория», «Intellectum zone», «STEAM» және «Лайфхак» бағыттары бойынша 140-тан аса жұмысы көрермен назарына ұсынылды.

 

ШЫМКЕНТ