Саясат • 04 Желтоқсан, 2019

Қарамағындағылар үшін басшылар жауап береді

612 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Саяси мемлекеттік басшылық лауазымдағы қызметшілер, егер олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса, міндетті түрде жұмыстан босату үшін өтініш жазады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты.

Қарамағындағылар үшін басшылар жауап береді

Ол Президент жанындағы Орталық коммуникация­лар қыз­­метінде өткен брифинг­те «Мемле­кеттік қызмет және сы­байлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл мәселелері жөнін­дегі Қазақстан Рес­публи­касы­­ның кейбір заң­намалық акті­леріне өз­ге­рістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» Заңға сәйкес бас­­шы­лардың қол астын­да­ғы қыз­мет­керлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілгенін жеткізді.

Ал бұл жаңалық Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен заңға енгізілді.  Өйткені 2019 жылдың 20 мамырында сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл мәсе­лелері бо­йынша мемлекеттік органдар бас­шыларының қаты­суымен өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев бағынышты қыз­мет­керлердің сыбайлас жем­қор­лыққа жол бергені үшін мем­лекеттік органдардың бірін­ші басшыларының орнынан түсу институтын енгізудің маңыз­дылығын атап өткен еді. Соған сай саяси мемлекеттік басшылық лауазымдағы қызметшілердің тікелей бағынышты қызметкер­лері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса, мін­детті түр­де жұмыстан босату үшін өті­ніш жазады. Яғни, атап айтқан­да – министрлер мен олар­дың орынбасар­лары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қала­лары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан әкімдері, олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сы­бай­лас жемқорлық құқық бұзу­шы­лық жасаса, міндетті түрде отставкаға шығуға сұрануы керек.

«Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставка­ға кетуге міндетті», деді Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­­мыл агенттігі төрағасының бірінші оры­н­­басары. Ол сондай-ақ, қандай тұлғалар тікелей бағыныштылар ретінде қарастырылатынын түсін­дірді. Мәселен,  орталық мем­лекеттік органның басшысы (министр) үшін – бұл оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелердің басшылары, ал облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімі үшін – оның орынбасарлары, аппарат басшысы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары (вице-министр) оның қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде қызметі­нен кетеді. Облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қар­жы­лан­дырылатын атқарушы орган­дардың басшыларына жауап береді. Аудан әкімі өзінің орынбасар­ларына, аппарат басшысына, жетек­шілік ететін аудандық атқару­шы органдардың басшыларына, ауыл, кент, ауылдық округ­тер­дің әкімдеріне жауап береді.

Жалпы бір ескерер жайт, «Мем­лекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қыз­метшіні осы лауазымға таға­йындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отстав­каны қабылдау немесе қабылда­мау – бұл сая­си қызметкерді қыз­мет­ке таға­йындаған басшының құзыреті. Егер саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекет­тік қызметшілері болып та­была­тын барлық басқа басшы­лары­на тікелей бағынышты қыз­мет­керлер сыбайлас жем­қор­лық құ­қық бұзушылық жасаған жағ­дай­да алдыңғыларға тәртіптік жауап­­кершілік қарас­тырылған.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы қол қойған заңда бас­шыларға бағынышты қызмет­керлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті енгізілген. Бұл міндеттің орындалуы немесе тиісінше орындалмауы басшыны тәртіптік жауапкершілікке тартуға әкеліп соғады.

Нормативтік құқықтық акті­лердің жобаларына сыбайлас жем­қорлыққа қарсы сараптаманы енгізу де жаңалық болып отыр.