Өңірдегі құрылыс саласы мен Түркістан қаласының дамуы, тұрғын үй құрылысы және экологиялық мәселелер қаралған мәжілісте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асып жатқан жобалар бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастап келе жатқаны айтылды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, Түркия кәсіпкерлері халықаралық әуежай құрылысы мен денсаулық сақтау саласына тиесілі кешендерді жүзеге асырмақ.
Жиын барысында басқарма тарапынан облыста мемлекеттік - жекеменшік әріптестікті датыму мақсатында табиғи газ нысандарын сенімгерлік басқаруға беру, Түркістан қаласында тұрғын үй салу, жеке әріптес анықталмаған жобалардың есептеулерін қайта қарау, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен ішкі көшелерді серіктестікке сеніп тапсыру, елді мекендердегі санитарлық-тазалау жұмыстарын сервистік қызметке беру ұсынылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бюджет шығындарын жеңілдету үшін мемлекеттік - жекеменшік әріптестік тетігін тиімді әрі белсендірек қолдану қажет екенін атап өтті. Инвесторларға қолайлы ұсыныс жасап, әлеуметтік маңызы бар салаларға басымдық беру керектігін талап етті.
Түркістан облысы