Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2019

БҚО-да экология талабын бұзғандар айыпқа тартылды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданы прокуратурасы жерді заңсыз қазған және тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төккен оқиғаларды анықтап, кінәлілерді жауапқа тартты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

БҚО-да экология талабын бұзғандар айыпқа тартылды

Оқиға былай болған: Жаңақала ауылы маңында бір ЖШС арнайы рұқсатсыз 210 текше метр болатын топырақты қазып алған. Экология департаменті маманының қорытындысы бойынша, осы әрекеттің нәтижесінде Экологиялық кодекстің 12-бабының талабы бұзылып, 950 мың теңге залал келтірілген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде уәкілетті орган «жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзғаны» үшін әлгі ЖШС-не Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 139-бабына сәйкес 631 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың құны мемлекет пайдасына толық өндірілген.

Сонымен қатар, Жаңақалада тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған. Сөйтіп, Жаңақала ауылдық округі әкімінің аппараты мекемесі мен Жаңақала ауылдық округінің әкімі А.Г.Ахметов «жерді бүлдіріп, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзғаны» үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 337 және 344 бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. «Нәтижесінде әкім аппараты 63 мың теңге, ауыл әкімінің өзі 25 мың теңге көлемінде айыппұл төледі» деп хабарлайды прокуратура органы.

 

Батыс Қазақстан