24 Шілде, 2013

Мал өсірсең – қой өсір, табысы оның көл көсір

915 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мал шаруашылығы өнімділігін арттыру әлемде маңызды мәселеге айналып келеді. Себебі, жер шарында халық саны өсуімен, планетада биологиялық қор біртіндеп азая береді. Мысалы, БҰҰ-ның Ғылым жөніндегі халықаралық кеңесінің президенті, Нобель сыйлығының иегері атақты ғалым Юань Чже Лидің айтуынша, таяу жылдарда әлемде азық-түлік өндірісіне сұраныс 80 пайызға жуық артады, бұған 2050 жылғы халық санының 10 млрд.-қа дейін өсуі себеп болады екен. Осыған байланысты, азық-түлік мәселесі бойынша қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану, қай елдің болмасын басты мәселелерінің біріне айналатын сияқты.

Қазақ халқының ежелден мал өсірудегі, мал өнімдерін пайдаланудағы іс-тәжірибелері жетерлік, мол, яғни жеріміздің ауқымының ғаламат кеңдігіне, табиғи-климаттық ерекшелігіне, керек болса, әр өңірдің жер ыңғайына, табиғатына, жем-шөп-су қорларына бейімделген, мал тұқымдары мен түрлері көптеген жылдар, табиғи-халықтық сұрыптау, эволюциялық даму негізінде қалыптасқан. Сондықтан да, бүгінде мәселе олардың төзімділік, бейімділік қасиеттерін төмендетпей, өнімділік көрсеткіштерін арттыруда болып отыр деп айтуға болады. Сондай-ақ, еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болу қарсаңында, отандық мал шаруашылығының нарық жағдайында бәсекеге қаблетті болуы – бүгінгі таңдағы тағы бір өзекті мәселе екенін айтпасқа болмайды. Осы орайда озық инновациялық технологияларды саралап, өз жағдайымызға бейімдеп, өндіріске енгізу арқылы жаңа даму кезеңіне өтуге болатындығын әлемдік тәжірибе айқындауда. Бұл орайда, тарихы терең, дәстүрлі қой шаруашылығының елімізде алар орны ерекше болса керек. Атап айтқанда, әлемдегі қой шаруашылығы тәжірибесіне сүйенсек, қой малын өсіру, ет өнімдерін өндіру, нарықтық экономикада тиімді және келешегі мол бағыттардың бірі болып есептеледі екен. Бірақ та, бүгінде біз, бұл мал түрінің табиғи ерекшеліктеріне сай, құндылықтарын толықтай, тиімді де пайдалана алып отырмыз ба деген сұрақ туындайды. Мысалы, алысқа бармай-ақ , бүгінде көп сын айтып жүрген, кешегі жоспарлы, мемлекеттік қой шаруашылықтарының басым бөлігінде 30- 40 мыңға тарта қой малдары өсіріліп, шалғай жайылымдықтар мейлінше тиімді пайдаланылған жоқ па? Атап айтқанда, ол кезде қой шаруашылығында күйек (ұрықтандыру), төл алу іс-шаралары, егін шаруашылығындағы, егін егу, жинау науқандарынан кем емес жағдайларда ұйымдастырылып өткізілді, бұл кезеңде қосымша адамдар еңбекке де тартылды.

Егер де, орта есеппен бір шаруашылықта 40 мың бас қой малы, әр отарда орта есеппен 500-600 бас, олардың әрқайсында 3-4 адам еңбек етті десек, тек бір шаруа­шы­лықта тікелей қой малын бағып, күту жұмыстарымен ( 40000:550х4= 290) 300-ге тарта адам айналысқан екен. Бұдан басқа, қой қырқу, етке мал өткізу кезеңдерінде қанша қосымша жұмыс орындары пайда болады. Әсіресе, көктем айларында кешкілік жайлауда маңыраған қой, қозы дауыстары ауыл сәні мен шырайын келтіріп тұратын сияқты еді.

Әрине, бұл жүйеде де кемшіліктер аз болған жоқ, жауапсыздық, еңбекке деген ынталылықтың төмендігі секілді фактілер орын алды. Бірақ та қайткенде де ауыл тұрғындарының басым бөлігі, мемлекетке салмақ салмай, ауылдық жерлерде табыс көздерін иеленіп отырды ғой. Өкінішке орай, жасыратыны жоқ, бүгінде Парламент депутаттары да жиі айтып жүрген, әртүрлі айдар тағып, мемлекеттік қаржы есебінен жұмыс орындарын ашу бағдарламалары да еліміздегі жұмыссыздық проблемаларын түбегейлі шеше алмай отыр ғой. Дегенмен де, ел экономикасының әлемдік нарықтық жүйеге өтуіне байланысты мал шаруашылығы саласында да айтарлықтай өзгерістердің қажет болғандығына күмән келтіруден аулақпын. Дегенмен, бүгінге дейін атқарылған нарықтық бағыттағы іс-шаралардың, әсіресе, еліміздің қой шаруашылығы саласында айтарлықтай оң өзгерістердің нышанын сездірмеуі ойланарлықтай мәселе сияқты. Мысалы, қой шаруашылығы жақсы дамыған Австралия елінде осы сала бойынша жалпы жиынтығы 500 мыңнан – 1,0 миллион басқа дейін қой өсіретін шаруашылық құрлымдарын біріктіретін ассоциациялар қызмет атқарады екен. Бұлардың қызметі жайылымдық жерлерді қалыптастыру, қой қырқу және басқадай зоотехникалық-мал дәрігерлік іс-шараларды атқару, сонымен қатар, фермерлердің отбасы жағдайларына байланысты да мәселелер бойынша қызметтер атқарады екен. Демек, осындай жүйені біз, өткенді айтпағанда, келешекте, бүгінгі қалыптасып отырған жағдайда қанша уақытта қалыптастыра аламыз? Мәселе осында!

Сондықтан да, м