Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

Кеген ауданында ашылған емхана ел игілігіне қызмет етуде

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында соңғы кезеңде жыл сайын 15 медициналық нысан салынып, пайдалануға беріліп келеді. Соның нәтижесінде алыс аудандардағы емханалар мен дәрігерлік-амбулаториялық ғимараттар жаңарып, денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсету жақсаруда.  

Кеген ауданында ашылған емхана ел игілігіне қызмет етуде

Сондай жаңа ғимараттың бірі Кеген ауданының орталығында ашылған болатын. Аудандық орталық аурухананың жанынан салынып, пайдалануға берілген емхана қазір өңір тұрғындарына қызмет көрсетуде. Жаңа заманғы талаппен салынған ғимарат дәрігерлердің жұмыс істеуіне қолайлы. Күніне 250 адамды қабылдауға лайықталған емхана талапқа сай құрылғылармен жабдықталған.

– Кеген ауданы бойынша аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік пункт, 11 медициналық бөлімше тұрғындардың денсаулығына жауапты. Ауданда оғары білімді 59 дәрігер, орта буынды 262 медицина қызметкері бар. Орталықтан жаңа емхананың ашылуы қызмет көрсету сапасын жаңа биікке көтерді. Бір мезетте 250 науқасты қабылдай аламыз. Маман дәрігерлерге де қолайлы жағдай жасалды,- дейді Кеген аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Мұқанова.

 

 

Алматы облысы