Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2019

Тұңғыш Президент Элеонора Баталованы қабылдады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы «Алматыкітап Баспасы» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Баталованы қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Тұңғыш Президент Элеонора Баталованы қабылдады

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің елдегі баспа ісінің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті.

- Сіздің жетекшілігіңізбен «Алматыкітап» жақсы жұмыс көрсетіп отыр. Сіздер өте қызықты әрі жақсы кітаптар шығарасыздар, - деді Елбасы.

Сонымен бірге, Э.Баталова Нұрсұлтан Назарбаевқа тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.