Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

«Денсаулық» пойызы шалғай ауыл тұрғындарына медкөмек көрсетті

290 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Денсаулық» медициналық пойызы Түркістан облысының 18 шалғай станция тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіп, бірқатар созылмалы ауруларды анықтады. Қазіргі уақытта «Денсаулық» пойызы Жамбыл облысында жұмысын жалғастырып жатыр, бұл облыс - пойыз бағдарының соңғы аялдамалы. Бұл туралы «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлады хабарлады. 

 

«Денсаулық» пойызы шалғай ауыл тұрғындарына медкөмек көрсетті

Консультациялық-диагностикалық пойыз мамандары Қазақстанның әр аймағындағы проблемалы өңірлерді анықтап жатыр. Осылайша, Түркістан облысының тұрғындары арасында жүрек-қан тамырларының созылмалы аурулары, остеохондроз, жарақаттан кейінгі энцефалопатиялар сияқты аурулар жиі кездескен, сондай-ақ әртүрлі дәрежедегі көру қабілеті бұзылған емделушілер көп болған.

Түркістан облысындағы медициналық зерттеулердің статистикасы бойынша, жалпы дәрігерлер 6980 адамды қабылдаған, оның ішінде 942 бала дәрігерлік тексеруден өтті.

Медициналық пойыз шағын хирургиялық ота мен скрининг жасауға қажетті техникамен толық жабдықталған. Осылайша, Түркістан облысында медициналық пойыз дәрігерлері 214 шағын хирургиялық ота, 435 ЭКГ, 950 УДЗ (УЗИ), 459 флюорография мен 77 ФГДС процедурасын жасап үлгерген.

Тұрғындар ең көп жүгінген дәрігер офтальмолог болды, ол 1267 адамды қабылдаған, одан кейін 939 адамды қабылдаған уролог және 903 пациентті тексеріп үлгерген стоматолог дәрігер.

«Біздің мамандарға жүрек-қан тамыр потологиясы бар, тірек-қимыл аппаратының потологиясы, остеохондроз және ауырсыну синдромдары бар адамдар көп жүгінді. Келген барлық пациенттер тексерістен өтті және дәрігерлер оларға емдеу шаралары мен кеңестер берді. Дәрігерлер төтенше жағдайлармен де кездесті. Дарбоза бекетінде пойыз мамандары жол-көлік апатында зардап шеккен екі адамның жағдайын тұрақтандыру үшін алғашқы көмек көрсетті. Кейін олар аудандық емханаға жолдама алды», - деп атап кетті Түркістан облысы бойынша «Денсаулық» медициналық пойызы дәрігерлер бригадасының жетекшісі Мұрат Айтахунов.

Пойыз арнайы мамандары бар емханалары жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. 

«Мен медициналық пойыз мамандарынан толық тексерістен өттім, оның ішінде УДЗ жасатып, кардиограмма өттім, маған дәрігерлер емдік шаралар жазып, денсаулық жағдайымды жақсарту бойынша кеңестер берді. Алыста тұрғандықтан, бізге осындай жақсы дәрігерлердің келуін біз бағалаймыз», - дейді Бадам бекетінің тұрғыны Эльмира Абдрахманова.

«Жәрдем» медициналық пойызы «Денсаулық» пойызымен бірге бүгінгі күнге дейін еліміздің 62000 тұрғынын тексерістен өткізді. «Жәрдем» пойызы қазір Маңғыстау облысының шалғай бекеттерін аралап жүр.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірге, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асып жатыр.

1

Пойыз кестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресми сайттарында танысуға болады.