24 Шілде, 2013

Қобыз күйінің кемеңгері

539 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қобыз. Қазақтың қара қобызы. Осы қобыз деген бір сөздің өзінде ғана қаншама күй, әуез, дыбыстық үйлесім бас қосқан сықылды.

 

Қобыз. Қазақтың қара қобызы. Осы қобыз деген бір сөздің өзінде ғана қаншама күй, әуез, дыбыстық үйлесім бас қосқан сықылды.

Қазақтың қазақ исімен бірге ғұмыр кешіп келе жатқан қасиетті қара қобыздың аты аталғанда тіл ұшына алдымен Қорқыт ата, Ықылас есімдері оралады. Қорқыттың жөні бір басқа. Ал Құрманғазы, Тәттімбет, Ақан сері, Біржан сал сынды алыптармен қазақ музыка өнерінің алтын ғасырын бірге жасасқан Ықылас бабамызға деген қалың қарындас ел ішінің ықыласы ежелден-ақ ерекше болғанымен, құдайдың оң көзі оған тәуелсіздік жылдарында ғана шындап түскен сияқты. Бәйгеге түсіп сан сәйгүліктің ішінде озып келген Қойлыбайдың қобызындай болып, ардақталған алыптарымыз бен арыстарымыздың мерейтойлары шеруіне Ықылас қобызы да қосыла құйғытқандай әсердеміз.

Құдіретті қобызшы сазгердің дүниеге келгеніне биыл 170 жыл. Ұлттық мәдениетіміздің осы елеулі оқиғасы тұсында Ықыласты танып білуге ежелден еңбек сіңіріп жүрген азаматтардың бірі белгілі сазгер, жазушы, музыка зерттеушісі Ілия Жақановты еске алып қойғанның да артықтығы болмас. Ілекеңнің «Ықылас» аталатын үлкен романы оқырман қауымға тигелі ширек ғасырдан асты. Қазір де ұлы қобызшының кейінгі қияпатты өмірінен оқтын-оқтын тебіреністі новеллалар тудырып қойып жүр. Осыдан жиырма жылдың арысында, қобызшының 150 жылдығы қарсаңында «Рауан» баспасынан «Қобыз атасы Ықылас» жинағын құрастырып шығарған болатын. Сценарийін өзі жазып, өз әулетімен бірге өзі демеуші боп «Қазақфильм» студиясында «Ықылас» атты толық метражды деректі фильм түсірген еді. Белгілі суретші Мадияр Ысқақовтың ұлы қобызшы-күйшінің портретін жасауына кеңесші болғаны да жадымызда. Біздің де Ықылас туралы әңгімені Ілия ағадан тыңдауға ықыластанғанымыз осы себептен еді.

– Ілеке, Қорқытты аңызбен аялап, мың жылдан бері ұмыттырмаған, Ықыласты Ықылас музыкасының биігіне жеткерген қобыз емес пе. Осы қазақтың қыл шекті қара қобызының не құдіреті бар?

– Мынау байтақ тылсым дүние – табиғаттағы, жалпы жаратылыстағы мың-миллион дыбыстардың анасы – уіл. Адамның тілі, әуезді дауысы әуелі бесіктегі сәби уілінен бастау алады. Сұрапыл дауылға айналарда жел де ішін тартып, ұзақ-ұзақ уілдейді емес пе. Ал енді тек қазақ емес, жалпыәлемдік музыка білгірлерінің зерттеулеріне зер салсақ, барлық сиқырлы дыбыс, сазды әуен қобыз уілінен шығады, скрипка, виолончельдің, ысып, ызып ойнайтын аспаптардың бәрінің түпкі әуезі қобызда жатыр. Академик Әлкей Марғұланның еңбектерінде қобызды сонау оғыз заманынан сайратады. Мұның өзі қобыз одан да арғы көз жетпес көне уақыттарда жасаған деген ұғымға жетелейді. Шыңғысхан кезеңіндегі аласапыранды, Алтын Орданың құлаған қасіретін, ноғайлы елінің тоз-тоз боп ыдыраған налалы күндерін қазақтың абыз жыршылары қобызбен толғаған. Бізге жеткен Жанақ, Шөже жырлаған эпостық жырлар қобызбен айтылған. «Қозы-Көрпеш – Баян сұлудың» Жанақ жырлаған нұсқасындағы ғажайып ән «Ақ Баянға» қобызшы біткен таңдай қағады. Оған виолончелистер де іңкәр. Бұл – қазақтың әдеби-музыкалық фольклорында қобыздың өте әріден тартып айрықша орын алатын тағдырына жарқын мысал.

Ел аузында Қоянды жәрмеңкесінде күй тартқан жасөспірім Ықыласқа сү­йін­ген Жанақтың сөзі бар. Сонда қобыз­ды адамша сөйлеткен ұлы Жанақ­­тың өзі Ықылас қобызын тыңдап отырып: «Әй, Шөже, мына бір қобыз үні қайда кетіп барады, жарқыным?» дегенде, Шөже жұ­­лып алғандай: «Уай, құдай-ай, мен жаз­ғанда көз бар дейсің бе? Бұл қобыз­­дың үні көз жетпеске кетіп барады ғой» депті.

– Шөжекең шын әулие екен. Сонда ол Ықылас қобызының ғажайып үні қазақ сахарасының шеңберінен асып, әлемді шарлайтынын болжапты-ау.

– Оның рас. Ықылас музыкасы «міне­ки, қазағымның сазы» деп еш­кім­нен ұялмай, қайта мақтанышпен тың­датарлықтай әлемдік деңгейге шырқап шықты. Соған бір-екі мысал келтірейін. Қобызшы Сыматай Үмбетбаев Италияда Ықылас күйлерін тартқан кезде залдағы халық орындарынан тұра келіп қошемет көрсетіпті. «Бізде скрипканың пірі Пага­нини болса, шығыс елдерінде мына­дай ғажап аспап барын бірінші рет кө­ріп, біліп, тыңдап отырмыз», десіп таңда