Хаттама 2017 жылғы 9 қарашада Челябинскіде жасалған болатын.
Сенатор Бекмырза Еламановтың айтуынша, Хаттама Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартының №2 қосымшасына өзгеріс енгізуге бағытталған және Ресей Федерациясына жалға берілген жалпы алаңы 11,6 мың гектар жер учаскесін Қазақстан Республикасына қайтаруды көздейді, оның ішінде: алаңы 1740 гектар екі учаске Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам кентін кеңейту үшін; алаңы 9950 гектар екі учаске – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін салу үшін, «Алматы – Мәскеу» темір жолы және «Бейнеу – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігі үшін жалға беруден шығарылатын болады.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.