Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019

Көктеректегі бүркітшілер бәсекесі

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көктеректегі бүркітшілер бәсекесі

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Жақсы ат пен тату жолдас ­– бір ғанибет.

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға, – деп жырлаған ұлы Абайдың өзі де саятшы­лықты жақсы көргені, Қара­шолақ, Көкшегір атты құста­ры болғаны белгілі. Осы рет­­те һакімнің 175 жылдық ме­рей­тойы қарсаңында Үр­жар ауданының Көктерек ауылында аудандық құс­бе­гілер сайысы өтті. «Бұған дейін ауданымызда республи­ка­лық бүркітшілер бәсекесін өт­кізгенбіз. Ал аудандық құ­с­бегілер байқауын ал­ғаш­­­ рет ұйымдастырып отыр­­­мыз. Аудандық Дене­­­­шынықтыру және спорт бөлі­­­мінің ұйым­дастыруымен, Көктерек ауылдық округінің демеу­шілігімен өткен дода­ға «Қа­рагер», «Заңғар», «Сар­­­ба­лақ», «Жебе», «Мұз­­балақ», «Самғар», «Көк­шы­бар», «Ақ­сұңқар», «Ақжел­ке»,­ «Сарышегір», «Сар­тір­нек» атты 11 бүркіт бапта­ры мен бақ­тарын сынап көр­ді. Құсбегілер Көкөзек, Қа­зым­бет, Бақты, Көктерек және Қаратал ауылдарынан келді» дейді Көк­өзек ор­та мектебінің дене тәр­биесі пәнінің мұғалімі, «Шы­ғыс Алтай» бүркітшілер феде­рациясының президенті Тәттімбет Кәпұлы.

Сонымен құсты қолға шақыру, құстың еркін ұшуы, бүр­кітті шырғаға салу, бүр­кітті қоянға салу және бүркіті түлкіге салу секілді 5 кезеңнен тұр­ған сайыста Тәттімбет Кәп­ұлының «Қарагер» атты бүркіті 3-орынды иеленсе, 1-2-орындарды Көктерек ауы­­лының құсбегісі Нұғым Өмір­­бектің «Мұзбалақ» және «Сартірнек» атты бүркіттері жеңіп алды.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы,

Көктерек ауылы