Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2019

Тұңғыш Президент күніне арналған алқалы жиын Елбасыға қырғыз елінің ілтипаты

839 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

2-желтоқсанда Бішкектегі Алықұл Осмонов атындағы Қырғыз ұлттық кітапханасында Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай  Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігі Қырғызстан ел Ассамблеясының тұтымындағы Қырғызстан қазақтарының қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан Халық Ассамблеясының өркендеуінде Бірінші Президенттің рөлі» деп аталған дөңгелек үстел өтті.

Тұңғыш Президент күніне арналған алқалы жиын Елбасыға қырғыз елінің ілтипаты

Алқалы жиынның Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді дамытудағы еңбегіне арналып отырғанын жариялаған Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Нұрпейісов, бұдан бірнеше күн бұрын, 27 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға келген бірінші мемлекеттік сапарындағы Қырғыз Республикасын Президенті Сооронбай Жээнбековпен жолығуының аясында қол қойылған екі елдің ынтымақтастығын арттыруға дем беретін құжаттар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларының заңды жалғасы екенін атап өтті. Жоғарғы мемлекеттер аралық кеңестің келіссөздерінің жиынтығында екі елдің ынтымақтастығының 2020-2022 жылдарды қамтыған кешенді бағдарламасы бекітілген. 

Қазақ-қырғыз ықпалдастығының тәуелсіздік жылдарындағы даму барысына тоқталған елші, осы кезеңде екі елдің ортасында көп салалы ынтымақтастық бойынша 180 құжатқа қол қойылғаны бірегей көрініс – деп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қырғыз жеріндегі сапарында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қатынастардың дамуына Елбасы Н.Назарбаевтың зор үлесінің бар екенін айрықша атап өткенін айтты.

– 1 желтоқсан – Тұңғыш Президенттің күні Қазақстан үшін ерекше мереке. Бұл Елбасының ұзақ жылдық еселі еңбегіне елдің берген бағасы. Экономикалық мәселелерді шеше отырып біздің Тұңғыш Президентіміз – ұлт лидері Н.Назарбаев көп ұлтты республикамызда тыныштық пен ынтымақтың болуына көңіл бөлді, сондықтан Тұңғыш Президент күнін барлық қазақстандықтардың бірлігінің және толеранттылықтың күні деп айтсақ та жарасады, деді Қ.Нұрпейісов.

Елдегі тыныштық, ынтымақ және қоғамдағы тұрақтылық Қазақстанның тұңғыш Президентінің әлеуметтік саясаттағы өте маңызды жетістігі екеніне, бұл халықаралық кеңістікте өз бағасын алып отырғанына, мұндай игілікке Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған және өзі жетекшілік еткен Қазақстан халық Ассамблеясының рөлінің қомақтылығына тоқталып, елші конституциялық орган санатындағы Ассамблеяның атқарып жатқан істерін дөңгелен үстелге жиналған көпшілікке таныстырды. Қазақстандағы барлық ұлттар мен этностарға өз мәдениеті мен дәстүрін дамытуға, тілін сақтауға жақсы шарттар жасалған.

Сөз кезегін алған Қырғызстан ел Ассамблеясының төрағасы Абдыганы Эркебаев Қазақстанның мемлекет басшысы тағайындаған Қырғызстандығы құзыретті өкіл қатары елшіні және қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, сөзін әріден бастады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты бұдан 33 жыл бұрын, 1986-жылдың қараша айында Шыңғыс Айтматов бастаған жазушылар делегациясының құрамында Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерін өткерудің аясында Алматыға барғанда көргенін еске алды. «Сол күндердегі жиналыста Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев сөз сөйлеп, қырық минут бойы қағазға қарамастан Қазақстанның экономикалық жағдайын көптеген цифрлар арқылы баяндап берді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлының тыңғылықты үкімет басшы екені өз алдына, керемет феноменді құйма құлақ жан екеніне таң қалғанмын(, - деді А.Эркебаев. Кейін осы кісі мемлекет басына келгенде, бауырластарымыз лайықты адамды таңдағанына иландым».

–Тұңғыш Президент Қазақстанның санаулы жылдарда әлемнің алдыңғы отыз елінің қатарына қосылуына еңбек сіңірді, енді ол бастап берген жолмен Қазақстан әлемнің дамыған елу мемлекетінің ішіне кіруді межелеп отыр. Жоспар жасау бар да, оның орындалуы бар. Бұл стратегиялық мақсат та орындалады деп сенемін, - деп жалғады сөзін төраға.

–Елбасының ерен еңбегінің арқасында Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы салынды, енді Тұңғыш Президент Алматыдан кейінгі үшінші мегаполис Шымкентпен кіндіктес байырғы шаһар Түркістанның кайта түлеуіне көңілін бұрды. Меніңше, Түркістан қаласы болашақта түркі халықтарының сыйлы астанасы ғана емес, мұсылман елдерінің орталық қаласы болады, - деп ол Қырғызстан ел Ассамблеясы мен Қазақстан халық Ассамблеясының ортасында әріптестіктің жолға қойылғанын, бұл салада Қазақстаннан үйренерлік тәжрибелер мол екендігін айтып, сөзін түйіндеді.

Жиында сөз сөйлеген Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңешінің депутаттары, Қырғызстан ел Ассамблеясының тұтымындағы ұлттық орталықтардың жетекшілері, белгілі саясатшылар және сарапшылар Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтар арасындағы бірлікті нығайтудағы орасан зор үлесін,Қазақстанда Тұңғыш Президент күнінің жыл сайын салтанатты түрде аталып келе жатқаны Елбасының еңбегіне көрсетілген құрмет екенін белгілесті.

Айталы, әйгілі оқымысты, ұстаз, саясаттану ғылымының докторы, профессор Жолборс Жоробеков Астанаға Тұңғыш Президенттің есімі ұйғарылып, Нұр-Сұлтан аталғанын тура болғанын білдірді. «Неге америкалықтар Вашингтон деп Бірінші Президентін дәріптеп отыр, ресейліктер неге Санкт-Петербург деп Петр Біріншінің атын қайта жаңғыртты? Ендеше, Қазақстанның қарыштап алға басуына, тұғырлы мемлекет болуына шоң салымын қосқан, республиканың астанасын әлемдегі ірі қалалардың біріне айналдырған Назарбаевтың атымен шаһардың Нұр-Сұлтан деп аталуы заңды құбылыс» - деп есептеймін деді Ж.Жоробеков. Өңірлік сарапшылардың «Пікір» клубының тең төрағасы, мемлекеттік басқару мәселелері бойынша сарапшы Шерәділ Бақтығұлов Қазақстандық ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар моделі шетелдерге, оның ішінде Қырғызстанға да үлгі болып отырғанын өз баянында баса белгіледі. 

Өңірлік сарапшылардың «Пікір» клубының тең төрағасы, саясаттанушы Игорь Шестаков жүргізген дөңгелек үстел Тұңғыш Президент, Елбасы туралы деректі фильмнің көрсетілуімен аяғына шықты.

 

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,                                                                                

Қырғыз Республикасының Үкіметінің                                                          

«Қырғыз Туы» газетінің жауапты хатшысы,                                                           

арнайы «Егемен Қазақстан» үшін

Қырғыз Республикасы,                                                                                

Бішкек қаласы