Спорт • 05 Желтоқсан, 2019

Ертең Нұр-Сұлтанда конькимен жүгіруден Әлем Кубогі кезеңі өтеді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең сағат 12.00-де елордадағы «Алау» Мұз сарайында конькимен жүгіруден Әлем Кубогі кезеңіне арналған баспасөз конференциясы өтеді. Шараға Қазақстанның конкьимен жүгіру Ұлттық федерациясының президенті Болат Жәмішев, Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы  Дмитрий Бабенко қатысады. Бұл туралы МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ертең Нұр-Сұлтанда конькимен жүгіруден Әлем Кубогі кезеңі өтеді

Осы орайда Нұр-Сұлтанға әлемнің 26 мемлекетінен 200-ден астам спортшы келеді. Олардың қатарында үш дүркін Олимпиада чемпионы Мартина Сабликова (Чехия), Олимпиада ойындарының жүлдегері Ольга Фаткулина (Ресей), Олимпиада чемпионы және жүлдегері Йоррит Бергсма (Голландия) және басқа да жұлдыздар келеді деп күтілуде.

Қазақстанды аталған жарыста жаңа жаттықтырушы – Дмитрий Бабенко бастаған жаңартылған құрам таныстырады. Олардың қатарында 2013 жылғы Әлем чемпионы Денис Кузин, жасөспірімдер арасында жеңімпаздар Екатерина Айдова және Роман Креч, сонымен қатар, болашағынан үлкен үміт күттіретін – Станислав Палкин, Дмитрий Морозов, Артем Крикуновтар бар. Ұлттық құрама аталған кезеңге әрбір қашықтық бойынша бес спортшы қоя алады. Бұл жаттықтырушы құрамына ұлттық құрамадағы спортшыларды процесске қосуға мүмкіндік береді.

Жарыс 6-8 желтоқсан аралығында «Алау» мұз сарайында өтеді.

Жанкүйерлерге кіру тегін.