Эльдар Серікұлы Дүйсетаев 1981 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: 2003 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін және 2019 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Калифорния университетін тәмамдаған. Біліктілігі бойынша тарих пәнінің оқытушысы, менеджмент бакалавры, халықаралық мемлекеттік саясат және менеджмент магистрі.
Еңбек жолын 2003 жылы Қарқаралы қаласындағы №2 орта мектепте мұғалім болып бастаған ол сол жылы мемлекеттік қызметке ауысқан. 2010 жылға дейін Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істеді, онда жетекші маманнан бөлім меңгерушісіне дейінгі қызметтік жолдан өтті.
2010 жылдан 2014 жылға дейін орталық мемлекеттік органдарда және оның аумақтық бөлімшелерінде әртүрлі басшылық лауазымдарда болды. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қарқаралы ауданының бұрынғы әкімі Халел Мақсұтов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Қарағанды облысы